«Агро көшбасшы-2023» облыстық байқауы

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Білім беру дамыту орталығы» КММ-нің жоспарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнайы пән педагогтері арсында «Агро көшбасшы-2023» облыстық байқауы Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің базасында  өтті. Колледж ұстаздарының білім, білік сапасын облыстық деңгейде саралап, оқып-үйренуге деген ықыласымен қызығушылығын арттыра алатын қабілетке ие ұстаздар ғана жүзден жүйрік шығып қазылар алқасының оң бағаларын алды. Додалы сайысқа Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінің аттынан арнайы пән оқытушысы Юнус Дина қатысып, байқаудың қорытындысы бойынша  жүлделі үшінші орынды иеленді. Жеңімпаз әріптесімізді колледж директоры Б.Т.Шығанов құттықтап ұрпақ тәрбиесінде талмай жұмыс істеуіне сәттілік тіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *