БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ҚАЗАҚСТАН

Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінде

Басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – А.А.,Есқараеваның ұйымдастыруымен “Бірлігіміз жарасқан Қазақстан” тақырыбында зияткерлік ойын өтті.

Мақсаты:

Студенттердің өз Отаны, елі мен жері, тарихы, мәдениеті жайлы білімдерін арттыру, шапшаң ойлауға, ізденімпаздыққа баулу, өзара бәсекелестік тудыру.

1 курс студенттеріңнен 3 команда құрылып, олардың аты мен ұраны таныстырылды.

Іс-шара 4 кезеңнен тұрды. Команда мүшелері сұрақтар мен бейне сұрақтар бойынша сайысқа түсті. Ойын барысын әділ қазылар алқасы бағалап отырды.

Сайыс соңында қатысушы командалардың қорытынды ұпай саны есептеліп, жүлделі орындар белгілі болды.

I орынды – “Зейін”

II орынды – “Қыран”

III орынды – “Жалын” командасы иеленіп, алғыс хатпен марапатталып, сыйлықтар табысталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *