Денсаулық-зор байлық

СӨС орталыгығының медицина қызметкерлерімен Қапланбек жоғары аграрлық-техникалык колледжінің әлеуметтік педагогі және колледж медбикесі

“Денсаулық-зор байлық” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Мақсаты:

– Студент жастарға денсаулық салауатты өмір салты қағидалары туралы түсінік беру;

студенттер бойында гигиеналық талаптарды дұрыс қалыптастыру;

-. зиянды дағдылардан бойларын алыстату;

– студенттерді тазалыққа, жанашырлыққа, белсенділікке және дене тәрбиесіне баулу.

Іс-шара барысында колледж әлеуметтік педагогі – Э.Саркулова:

– Денсаулық – адам өміріндегі ең бағалы дүние болғандықтан әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөліп салауатты өмір салтын сақтап дұрыс тамақтанауымызға, зиянды әрекеттерден аулақ болып тазалық пен санитария шараларын сақтауымыз керектігі жайлы баяндады.

СӨС орталығының медицина қызметкерлері мен колледж мейірбикесі өз баяндамаларында табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы – денсаулықты сақтаудың негізгі жолдары зиянды жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру керектігін түсіндірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *