
2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар» жылына орай, Сарыағаш ауданында «Жұмысшы мамандықтар жылы: жаңа мүмкіндіктерге жол ашу» тақырыбында өткен аудандық форумға Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжі де қатысты. Форумға ауданымыздың кәсіпорындары өздерінің өнімдерін, Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары білім беру барысында қолданылатын инновациялық технологияларын, жобаларын қатысушыларға таныстырды. Форумға аудан әкімі Арман Айдарұлы Абдуллаевта қатысып, көрмелермен танысты. Көрмені тамашалауға келген аудан тұрғындары мен мектеп оқушыларына Қапланбек колледжінде даярланатын мамандықтар жайлы толық мағлұмат берілді.
Форумда баяндама жасаған колледж директоры Шығанов Бағлан Төлтайұлы білім ордасының білім беру саласындағы жетістіктерімен, жұмысшы мамандықтарының еліміздің дамуындағы өзіндік орны жайлы айтып өтті. Сонымен қатар аудан жастарын колледжімізде сапалы білім алып, ауданымыздың экономикасын дамытуда өз үлестерін қосуға шақырды.



