ЗОРЛЫҚ ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

Бүгін, 30 қараша күні Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінде Сарыағаш ауданы жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы, “Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі” секторы “Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ” Республикалық акциясы аясында оқытушылар мен студенттерге семинар-тренинг өткізді.

Тренинг барысында сектор психологы студенттер мен психологиялық тренингтер өткізіп, жадынамалар таратты.

Жалпы, іс-шараның негізгі мақсаты:

– отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын-алу, жолын кесу және зорлық-зомбылық құрбаны болған ана мен балалардың құқықтық мүддесі мен қауіпсіздігін қорғау, сонымен қатар қоғамда отбасының рөлін нығайту.

Оларға, өздерің немесе жақындарыңыз, құрбыларыңыз, көршілеріңіз зорлық-зомбылыққа тап болған жағдайда, Сарыағаш аудандық Жастар ресурстық орталығының “Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі” секторына (22-3-44) немесе полиция бөлімінің 102 нөміріне хабарласу қажеттілігі ескертілді.

Зорлық-зомбылықты бірге тоқтатайық!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *