
Бүгінгі таңды Астана қаласындағы “Qazaqstan” Ұлттық телеарнасының «Таңшолпан» бағдарламасында тікелей эфирде сұхбат беріп, Қазақ еліне таңғы лебізін білдіруден бастаған колледж басшысы Б.Т.Шығанов: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялап, техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет екендігіне және жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз деген болатын. Осындай мақсатта елордада «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында 11-15 ақпан аралығында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен EXPO халықаралық көрме орталығының алаңында техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ең ауқымды «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі жоғары деңгейде өтіп жатқандығын әңгімеледі. Фестивальдің маңыздылығы мен тиімділігіне және мүмкіндіктеріне кеңінен тоқталып, оның техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мамандарының бір-бірімен тәжірибе алмасуына, сонымен бірге студент жастарға берері мол екендігін айтып, фестивальге дайындап келген жобаларымен таныстырып, ұйымдастырушы ҚР Оқу-ағарту министрлігіне алғысын білдірді.