
Президент бастамасымен биылғы жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жарияланды. Бұл жұмысшы мамандықтарының имиджін ілгерілетуге үлкен серпін береді. Астана қаласында Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан жұмысшы мамандықтар фестиваліне бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомар Тоқаев жұмысшы мамандықтар қаласындағы көрмелерді тамашалады, студенттермен сұқбаттасты, соның ішінде Ауыл шаруашылық және су ресурстары көшесінде орналасқан Түркістан облысы білім басқармасының Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінің көрмесімен де танысты.

