СТУДЕНТТІК ЛИГА-2022: ВОЛЕЙБОЛ

Сарыағаш ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен аудан әкімінің кубогы үшін, ОАОО студенттері арасында «Студенттік лига-2022» ойындары болып өтті.

Аталмыш жарысқа аудандағы бес бірдей орта арнаулы оқу орындары, яғни «Арыстанбаб» жоғары колледжі, №12 колледж МКҚК, «Абу Али Ибн Сина» медициналық колледжі, «Қапланбек жоғары аграрлық –техникалық» колледжі және «Сарыағаш» медресе-колледждерінің студенттері сынға түсті.

Бұқаралық спортты дамыту, ауданымыздағы студенттердің достық қарым-қатынасын нығайту, жастар арасында салауатты өмір сүру салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған сайыстың ашылуына Сарыағаш ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Н.Талипов және аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы Н.Отаров қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Тартысқа толы жарыстың нәтижесінде:

Волейбол (🤽🏻‍♀️ арасында):

🥇орынды «Қапланбек» жоғары аграрлық-техникалық колледжі

🥈орынды «Абу Али Ибн Сина» медициналық колледжі

🥉орынды «Арыстанбаб» жоғары колледжінің студенттері иеленді.

Волейбол (🤽🏻‍♂️арасында):

🥇орынды «Арыстанбаб» жоғары колледжі

🥈орынды «Сарыағаш» медресе-колледжі

🥉орынды «Қапланбек» жоғары аграрлық-техникалық колледжіні иеленді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *