Сарыағаш ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен аудан әкімінің кубогы үшін, ОАОО студенттері арасында «Студенттік лига-2022» ойындары болып өтті.
Аталмыш жарысқа аудандағы бес бірдей орта арнаулы оқу орындары, яғни «Арыстанбаб» жоғары колледжі, №12 колледж МКҚК, «Абу Али Ибн Сина» медициналық колледжі, «Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық» колледжі және «Сарыағаш» медресе-колледжінің студенттері сынға түсті.
Бұқаралық спортты дамыту, ауданымыздағы студенттердің достық қарым-қатынасын нығайту, жастар арасында салауатты өмір сүру салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған сайыстың ашылуына Сарыағаш ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Н.Талипов және аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы Н.Отаров қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жалпы төрт спорт түрінен өткен сайыс нәтижесінде командалық есепте:
орынды «Сарыағаш» медресе-колледжі
орынды «Қапланбек» жоғары аграрлық-техникалық колледжі
орынды «Арыстанбаб» жоғары колледжінің студенттері иеленді.
Жеңімпаз командаларға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы бағалы сыйлықтар мен аудан әкімінің дипломдары табысталды.


