Тағайындау туралы

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің бас маманы – Умирбекова Мира Абдикадировна басқарма басшысы Д.Болатханұлының колледж басшысын тағайындау туралы 25.01.2023 №24 бұйрығымен колледж ұжымын таныстырды. Осы бұйрыққа сәйкес «Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК басшысы лауазымына Бағлан Төлтайұлы Шығанов тағайындалды.

Шығанов Бағлан Төлтайұлы, 1984 жылы 23-мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, Монтай-Тас ауылында дүниеге келген.

1990 жылы Монтай-Тас аулында Бейсен Онтаев атындағы жалпы орта мектебіне оқуға барып, 1999 жылы 9-сыныпты бітірген.

1999-2003 жылдары Сарыағаш қаласындағы «Қапланбек гуманитарлық агроэкономикалық колледжінде»;

2004-2007 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің «Ветеринарлық санитария» мамандығы бойынша білім алған.

2008 жылы 1-қыркүйектен бастап Сарыағаш қаласындағы «Қапланбек гуманитарлық агроэкономикалық колледжінде» арнайы пән оқытушысы болып еңбек жолын бастаған.

2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін колледж басшысының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары болып жұмыс атқарды.

Білім беру саласында сіңірген еңбегі үшін Облыстық білім департаментінің «Құрмет грамотасымен», «Құрмет-Абырой, Бірлік» қоғамдық бірлестіктің шешімімен «Білім беру ісінің үздігі» төс белгісімен, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының, облыстық әдістемелік орталықтың және облыстық кәсіподақ ұйымының, колледждің алғыс хаттарымен марапатталған.

Все реакции:

3Жусипов Алимжан и ещё 2

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *