ТжКББ ұйымдарының ЖББП оқытушыларына облыстық «Жаңа заман – жаңашыл ұстаз» байқауы

“Білім беруді дамыту орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жылдық жоспарына сәйкес өткізілген техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жалпы білім беру пәндерінің педагогтеріне арналған “Жаңа заман – жаңашыл ұстаз” облыстық байқауына оқу орнымыздан ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Бозорова Сандугаш Саюпкизи өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, кәсіби шеберлігі шыңдалған ұстаздармен сынға түсті.

Әріптесіміз облыстық байқауда теориялық және практикалық дайындығын, компьютерлік сауаттылық пен дағдыларын, оқу-тәрбие үрдісінде жасанды интеллект технологияларын пайдалану тәсілдерін, кәсіби-педагогикалық біліктілігі мен шеберлігін жоғары дәрежеде көрсете отырып, жүлделі І орынға ие болды.

Өңіріміздің 22 оқу орнынан келген 22 ұстаздардың ішінен оза шығып, жүлделі І орынды иелену, бұл бірнеше жылдық тынымсыз еңбектің зор нәтижесі. Жаңашылдыққа жаны құмар, ізденімпаз, шығармашыл ұстаз – әріптесіміз Сандугаш Саюпкизи жеңісіңіз құтты болсын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *