
03.12.2022. “Халықаралық темекімен күрес күніне” орай 1 курс “Ветеринарлық фельдшер”, “Есеп және аудит” және “Техник-бағдарламашы” тобының студенттерімен топ жетекшілер – Д.Юнус Е.Сыдықали мен Ж.Жанаев тәрбиелік іс-шара дайындап, сурет көрмесін ұйымдастырды.
Мақсаты: жас ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттау, адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру.
Іс-шара барысында
“Темекінің зиянды әсері” тақырыбында видео көрсетіліп, студенттер баяндама жасады. Топ студенттері өздері тақырыпқа сай салған суреттерінің мазмұнымен бөлісті.
Іс-шара соңында белсенділік танытқан студенттер алғыс хатпен марапатталды.


