
Түркістан облысы білм басқармасының және Мақтаарал аграрлық коллелджінің ұйымдастыруымен Мақтаарал аграрлық колледжінің 100 жылдығына орай Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары арасында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Жасампаздық және жаңашылдық» құндылығы аясында өткізілген «Еңбек нарығындағы жоғары кәсіби дағдылар мен бәсекеге қабілетті маман дайындауда цифрлық технологияларды қолданудың тиімділігі» атты облыстық ғылыми-практикалық конференцияға Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінен информатика пәнінің оқытушысы Кулжабаева Шолпан Майлыбайкызы және вереинария мамандығының арнайыпән оқытушысы Шынәсіл Фатима Садуақасқызы қатысты.
Арнайы және жалпы білім беру пән оқытушыларын цифрлық технологияларды қолдану арқылы еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман дайындау әдістерімен таныстыру және тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген облыстық ғылыми-практикалық конференцияда өзінің білімділігін, цифрлық технологияларды жетік меңгергендігін айқын көрсете білген Шынәсіл Фатима Садуақасқызы ІІ-ші дәрежелі дипломмен, ал Кулжабаева Шолпан Майлыбайкызы ІІІ-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.

