
Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында 2025 жылдың 11-15 ақпан күндері аралығында, Астана қаласында өтіп жатқан «ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ҚАЛАСЫ» фестивалінде Түркістан облысы «Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжі» (Ветеринария және зоотехния мамандықтары бойынша оқу әдістемелік бірлестік) ауыл шаруашылығына қажетті “3W07161101-Ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторы” біліктілігін ашу мақсатында Қытайдың Қазақстанда орналасқан “SUNKAR EAVISION INTERNATIONAL LLP” компаниясымен және жастарды сапалы біліммен қамтамасыз ету үшін “Qazaq sut” ҚБ, “ЭКО- Культура Евразия” ірі агроөнеркәсіптік холдингі, “Алель Агро птицафабрика”, АО “Союз Птицеводов” Казакстан, Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық – техникалық колледжі сияқты кәсіпорындарымен ынтымақтастық меморандумын түзді. Мемарандумның негізгі мақсаты сұранысқа ие мамандықтарды сапалы даярлау, ал кәсіпорындар ТжКББ ұйымдарына материалдық техникалық көмек көрсете отырып, өздеріне қажетті болашақ мамандарын дайындауына ықпал жасау. Сонымен қатар, Қапланбек колледжі Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетімен қолданбалы бакалавр біліктіліктерінің бағдарламасын жоғары оқу орындарында интеграциялау мақсатында ынтымақтастық мемарандум түзді.


