Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінде Республикалық конференция өткізілді

Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінің 95 жылдық мерей тойына орай, «Ветеринария және зоотехния» мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің

2024 жылғы жоспарына сәйкес ТжКБ ұйымдарының ауылшаруашылық мамандықтарының студенттері арасында «аграрлық салада инновациялық технологияларды енгізудің маңыздылығы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға Республикамыздың әр өңірінен, ауыл шаруашылық саласы бойынша 32 колледжден 87 студент қатысты. Конференцияның ашылу салтанатында Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары – Қасымбекова Айгул Ерғалиқызы, «Talap» КЕАҚ президентінің кеңесшісі – Нурмышев Асылбек Жорабекұлы, Өзбекстан Республикасы Зангиота агротехнологиялар техникумы директорының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары – Иматуллаев Зульфихор Усенович, Қырғызстан Республикасы К.И.Скрябин атындағы Қырғыз Ұлттық аграрлық университеті жанындағы Сұлтан Ибраимов атындағы агротехникалық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары – Ибраимова Чачыкей Рамазановна, Алматы облысы, Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің директоры – Бозымбекова Динара Боларбековна колледж ұжымымен қатысушыларға өздерінің ыстық лебіздерін білдірді. Конференцияның қорытындысы бойынша «Ветеринария» бағыты бойынша жүлделі І орынды «Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінің» МКҚК студенті Омар Маржан Орынбасарқызы иеленді. «Зоотехния» бағыты бойынша Кабирова Лайло Мураджановна І орын жеңімпазы болды. Ал, Мақтаарал аграрлық колледжінің студенті Жүзтай Айғаным «Агрономия» бағыты бойынша І орын алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *