
15 қараша – Ұлттық валюта күніне орай, 1 курс “Есеп және аудит” А(9) және 1 курс “Есеп және аудит” А(11) тобының студенттерімен топ жетекшілері – Адиханов Қуаныш пен Елібай Қанаттың ұйымдастыруымен “Ұлттық валюта – теңге” тақырыбында сайыс өтті.
Сайыс 5 кезеңнен тұрды:
1). Топқа бөлу (сұрақ жауап);
2). Ой қозғау (топтық жұмыс);
3). Теңге тарихына шолу (Ұлы тұлғалар – төл теңгемізде);
4). Теңгенің қорғаныс белгілері;
5). Мақал – сөз мәйегі (Тапсырмалар: мақал-мәтелді жалғастыру. Әр елдің валютасын анықтау).
Топ студенттері “Теңге” және “Доллар” болып екі топқа бөлініп сайысқа түсті, өте тартысты болды.
Қорытындыда “Теңге” тобының студенттері жеңімпаз атанып, марапатталды.


