
2025 жылдың 12-13 ақпан күндері «Ғани Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі» МКҚК базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Білім беру» саласы бойынша облыстық кәсіби шеберлік байқауы өтті.
Мақсаты:
* Педагогикалық мамандықтар мен жалпы білім беру пәндерінің оқытушыларының мәртебесін арттыру.* Қатысушылардың педагогикалық тәжірибесін ұсыну және кеңінен танымал ету.
Міндеттері:
* Педагогтерді кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіруге ынталандыру.
* Педагогтердің кәсіби әлеуетін ашу және әдістемелік қызметтің тиімділігін талдау.
* Педагогикалық тәжірибесі құнды мамандарды анықтау және үздік тәжірибелерді тарату.
Байқауға жалпы білім беретін және арнайы пәндер педагогтері қатысып, 3 модуль бойынша бақ сынады.
Байқау кезеңдері:
1. «Мен және қоғам» – сырттай бағалау (3 минут).
2. «Әдістемелік әзірлеме» – мәтіндік нұсқа мен презентация арқылы қорғау (3 минут).
3. «Мультимедиялық технологиялар» – жоба әзірлеу (1 сағат), презентация қорғау (5 минут).
Байқау нәтижелері CIS платформасы арқылы бағаланып, конкурстық сараптау кеңесінің хаттамасы негізінде анықталды.
«Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК «Жалпы білім беретін пән» бағыты бойынша информатика пәнінің оқытушысы Құлжабаева Шолпан Майлыбайқызы қатысып ІІІ жүлделі орынды иеленді.
Әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биіктерден көрініп, жаңа белестерді бағындырып, шығармашылық табыс пен сарқылмас қуат тілейміз!



