
Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінің ветеринария құзыреттілігі бойынша «Worldskills Kaplanbek-2025» колледжішілік чемпионаты өз мәресіне жетті. Чемпионатты өткізудің негізгі мақсаты:
– кадрларды даярлау стандарттарын арттыру және мамандықты танымал ету;
– жаңа жоғары технологиялық өндірістердің қажеттіліктеріне сәйкес тапсырмаларды орындау;
– болашақ мамандардың кәсіби функцияларын модельдеу;
– білім алушылардың нақты өндірістік тапсырмаларды орындау дағдыларын қалыптастыру;
– қатысушылардың қандай білім мен дағдыларды меңгергенін айқындау.
Жұмысшы мамандықтары жылы бойынша колледждің жылдық жоспарына сәйкес өткізілген сайыс бес модульден тұрды. A модулі: Зертханалық зерттеулерді орындау. B модулі: Жануарлардан және өсімдіктерден алынатын өнімдер мен шикізаттарға ветеринариялық-санитариялық сараптама. C модулі: Алғашқы мал дәрігерлік көмек көрсету. D модулі: Ауыл шаруашылық жануарларын клиникалық зерттеу. E модулі: Ұсақ қара малды жалпы және арнайы зерттеу.
Қатысушыларды тәуелсіз сарапшылар CIS бағалау бағдарламасы бойынша бағалады. Сайыс қорытындысы бойынша ветеринария мамандығының 2-курс студенті Қожамұрат Қабыл Әділханұлы бас жүлдені иеленді, жетекшісі арнайыпән оқытушысы Алжанова Умида Рустамбековна. Ветеринария құзыреттілігі бойынша «Worldskills Kaplanbek-2025» колледжішілік чемпионатының қатысушыларын колледж директоры Шығанов Бағлан Төлтайұлы алғыс хаттармен және сертификаттармен марапаттады.





