
2025 жыл – “Жұмысшы мамандықтар жылына” орай, Түркістан облысы білім басқармасының орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері арасында ұлтық спорт лигасының аймақтық спартакиадасының ашылу салтанаты”Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжі”МКҚК-ның базасында өтті.
Колледж басшысы Шығанов Бағлан Төлтайұлына спорттық іс-шараны ашып беріп, “Жұмысшы мамандықтар” жылы жайлы деректер келтіріп, спартакиаданың басты мақсатына тоқталып, барша қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Іс-шараның мақсаты: Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының спортын дамыту және насихаттау. Студенттерді дене шынықтырумен, спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, үздік студенттік командаларды құру және спортқа дарынды студенттер мен жаттықтырушыларды анықтау.