9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай А.Сағымбаев – колледж заңгері мен И.Ибрагимов – Жастар ісі бойынша инспектордың ұйымдастыруымен белсенді студенттерден құралған екі команда “Біз жемқорлыққа қарсымыз!” тақырыбында пікірталас өткізді.
Мақсаты:
– сыбайлас жемқорлық деген ұғымды түсіндіру;
– өз көзқарастарын ортаға салып, дүниетанымын кеңейту;
-. өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру;
-. әділдікке тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
Өз ойын еркін жеткізіп, пікірсайыста белсенділік танытқан студенттер
Сарыағаш ауданы ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы басшысының “Алғыс хатымен” марапатталды.


