“WorldSkills Turkestan-2022” байқауы.
31.05-01.06.2022 жылы Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты Қапланбек жоғары агралық-техникалық колледжінің МКҚК базасында “Ветеринария” құзыреттілігі бойынша “WorldSkills Turkestan-2022” байқауы өз деңгейінде өтті.






Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінің 2-курс, ветеринариялық фельдшер тобының студенті Мекен Бауыржан Республикалық «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN- 2021» кәсіби шеберлік байқауына қатысып, «Ветеринария» мамандығы бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі 2-орынды қанжығалап қайтты.
Ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Еркімбек Қаныбекұлы Қанжігітов басқаратын қара шаңырақтың абыройын республикаға асқақтатқан шәкіртіміз арнайы пән оқытушысы Жалғасбек Илесбекұлының жетекшілігімен білім, білік сапасын республикалық деңгейде көрсете білді. «Ветеринария» мамандығына байланысты жаңалықтарымен оза шауып алға шығып, оның нысаналы дамуына бағытталған шығармашыл ойларын нақты жеткізе білген Мекен Бауыржанға Білім және ғылым министрі А.Аймағанбетов чемпиондық медалін табыс етті.
Республикадағы жоғары деңгейлі сайыста Түркістан облысының абыройын асқақтатып, Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжі ұстаздарының мерейін үстем еткен талапты да талантты шәкіртімізге алдағы жарыстарда шығармашылық шабыт тілеп, «жеңіс – жемісті болсын!» деген қуанышымызды білдіреміз.


