Қазіргі уақытта, ауданның барлық аумағында қалың қар түсіп, көліктер мен адамдардың жолда жүруіне қиындық туғызып қана қоймай, өсіп тұрған ағаштарға да өз әсерін тигізуде. Осы орайда, ауданның ерікті жастары мен Қапланбек жоғары аграрлық-техникалык колледжінің “Алғыс”еріктілер клубы мүшелері Сарыағаш қаласының кіре берісіндегі тасжолы бойындағы қалың қардың салмағын көтере алмай, майысып қалған ағаштарды қардан тазарту жұмыстарын жүргізді.


