Облыстық олимпиада жүлдегерлері

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» КММ ұйымдастыруымен өткен, пән мұғалімдерінің облыстық олимпиадасында Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінің ұстаздары білім, білік сапасын облыстық деңгейде саралап, білім алушының оқып-үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыра алатын қабілетке ие ұстаздар ғана жүзден жүйрік шығып, әділ қазылар алқасының оң бағаларын алды. Атап айтсақ, колледжіміздің тарих пәнінің оқытушысы Мирзакулов Батырхан Сапарбекұлы І орын, химия пәнінің оқытушысы Елібай Қанат Болатұлы І орын және биология пәнінің оқытушысы Сейдишарипова Айнакул Суннатқызы ІІІ орынды иеленіп, өз мамандықтарының қас шеберлері екендігін облыс деңгейінде дәлелдеп берді.

Жеңімпаздарды колледж басшысы Б.Т.Шығанов құттықтап, ұрпақ тәрбиесінде талмай жұмыс істеулеріне сәттілік тіледі.