ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫ

29 қарашада Түркістан облысы білім басқармасының «Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК директоры Б.Т. Шығанов, Өзбекстан Республикасы, Ташкент облысы, Зангиата агротехнологиялық техникум директоры Н.А.Шоюнусова және №1 Кәсіптік колледж директоры Д.А.Шермухаммедовпен тиімді ынтымақтастық орнату мақсатында Меморандум жасады. Осы Меморандум шеңберінде білім сапасын қамтамасыз ету, заманауи еңбек нарығында сұранысқа ие бәсекеге қабілетті мамандар даярлау және бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының заңнамасын басшылыққа ала отырып, теңдік, ашықтық, тұтастық қағидаттары негізінде жұмыс жүргізеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *