
Қапланбек колледжінде «AGROFEST Kazakhstan-2024» халықаралық форумы өтті.
29-қараша 2024 жылы Облыстық білім басқармасының, «Talap» КеАҚ және Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінің ұйымдастыруымен ТжКББ ұйымдары педагогтары мен жұмыс берушілер бірлесіп, өзара тәжірибе алмасу және ауыл шаруашылығын дамытудағы өзекті мәселелерді талқылау, оларды шешу жолдарын айқындау, білім беру ұйымдарындағы жаңа инновациялық технологиялармен бөлісу мақсатында Техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының ауыл шаруашылық мамандықтары бойынша «AGROFEST Kazakhstan-2024» халықаралық форумы өтті.
Бұл іс-шара «Ветеринария және зоотехния» мамандықтары бойынша Республикалық оқу-әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес өткізілді.
Халықаралық форумға еліміздің бірнеше облыстарының білім беру ұйымдары, облыстық білім басқармасының және «Talap» КеАҚ, “Global” САПА халықаралық білім беру орталығының өкілдері, Сарыағаш ауданының әкімшілігі, Түркістан облыстық және аудандық мәслихаттың депутаттары, колледждің әлеуметтік серіктестері және Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан Республикаларының білім беру ұйымдары мен бизнес өкілдері, қатысты.
Қапланбек колледжінің 95 жылдық мерей тойымен тұспа тұс өткізілген «AGROFEST Kazakhstan-2024» халықаралық форумы екі бөлімнен тұрды.
Бірінші бөлімінде білім беру ұйымдары мен әлеуметтік серіктестері өздерінің өнімдерін және жаңа инновациялық жобаларын таныстыру мақсатында көрме өткізілді. Көрмеде білім беру ұйымдары өндірген өнімдер, әлеуметтік серіктестермен бірлесе атқарылған жұмыстар көрсетіліп, қатысушыларға таныстырылды.
Екінші бөлім пленарлық мәжіліс, мұнда форумның мақсатына сәйкес баяндамалар оқылды. Ашылу рәсімінде сөзге шыққан колледж басшысы Б.Шығанов форумға қатысушыларға 95 жылдық киелі қара шаңырақ Қапланбек колледжінің өткенімен, бүгіні және келешектегі мақсаттары жайлы тоқталып өтіп, форумға қатысушы қонақтарға сәттілік тіледі.
Форумға қатысушылар нарық сұранысына ие болатын, білімді, білікті мамандар даярлау барысында атқарылған жұмыстар және шешімін күтіп тұрған күрделі мәселелер, оларды шешу жолдары жайлы баяндады.
Форум соңында көрмеге қатысушыларға номинациялар мен сертификаттар табысталды.





